Қоғам

Павлодар облысында алты жұмысшының қазасына байланысты мәслихат депутаты ұсталды

Павлодар облысының Ақтоғай ауданында алты жұмысшының қаза болуына байланысты Aqtogai Milk кәсіпорнының иесі әрі облыстық мәслихат депутаты Александр Терентьев ұсталды.

 Александр Терентьев

Қайғылы оқиға 20 шілдеде кәсіпорын аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар жабдыққа қызмет көрсету кезінде қаза тапқан. Павлодар облысының полиция департаменті депутаттың ұсталғанын растады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Іс аясында барлығы үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайларын әзірге жариялаған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз