Қоғам

Семейде домофон мен камераны сындырған тұрғын 20 тәулікке қамалды

Семейде ер адам тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнекамера мен домофонды сындырған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Полиция

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол 48 жастағы жергілікті тұрғын Саят Байбусинов болып шықты. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткі заттарын қолданғаны расталды.

Ер адам мүлікті қасақана бүлдіргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және есірткі заттарын медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Домофон мен бейнебақылау камералары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орнатылған.

Мұндай ортақ мүлікке зиян келтірген адам міндетті түрде заң алдында жауап береді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз