Live

Павлодар облысында жол апатынан алты бала ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысында болған жол-көлік оқиғасынан кейін алты бала ауруханаға жатқызылды.

Бала

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, Екібастұз – Павлодар тасжолында жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі арыққа түсіп, автокөлік аударылған.

Оқиға орнына жедел жәрдемнің үш бригадасы жіберілді.

Жол апатынан барлығы тоғыз адам зардап шеккен. Олардың алтауы – кәмелетке толмаған балалар.

Екібастұз қалалық ауруханасына екі ересек адам, екі ұл бала және төрт қыз бала жеткізілді.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз