Қоғам

Павлодарда ер адам мас күйде полиция көлігін айдап кетіп, жол апатына ұшырады

Павлодарда мас күйде болған ер адам полицияның қызметтік көлігін айдап кетіп, артынша жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Полиция

Полицияның мәліметінше, күдікті алдымен қаладағы дүкендердің бірінде ұрлық жасаған. Осыдан кейін ол полицияның қызметтік автокөлігіне заңсыз мініп, көлікті айдап кеткен. Алайда көп ұзамай ол жол апатына түскен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Аталған фактілер бойынша дүкеннен ұрлық жасау және қызметтік автокөлікті заңсыз иемдену баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам оқиға кезінде мас күйде болған. Сонымен қатар Павлодар облыстық полиция департаменті қызметтік автокөлікті айдап әкетуіне жол беру фактісі бойынша қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз