Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:13, 31 Қаңтар 2024

Педофилдерге өмір бойы түрме жазасы ұсынылды: заң жобасы парламентке түсті

өзгеріс
Фото: из открытых источников

Мәжіліс депутаттары әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға басқа да күрделі өзгерістер енгізуді ұсынуда, деп жазды Zhasalash.kz.

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында, депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынады:

  • Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және жазасын әлдеқайда қатаңдату;
  • Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдау құқығын беру.
  • отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
  • педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр;
  • суицидты насихаттау немесе суицидке итермелеу әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ, кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылған.