Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:28, 26 Қаңтар 2024

Пентагон: Ресей соғысты жалғастырса көптеген қиындықтарға тап болады

Пентагон
Фото:

Пентагон НАТО-ның ынтымақтастығы мен бірігуі Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін артты деп санайды.

 

Ресей мен Украинаның соғысының басталғаны екі жылға жақындады, осы тұста ресейліктер көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz

Бұл туралы Пентаганның баспасөз хатшысы Пэт Райдер мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей оқ-дәрілер тапшылығын және жеткізу кезінде елеулі мәселелерді бастан кешіп жатыр.

«Сондықтан біз олардың Солтүстік Корея мен Иран сияқты елдерге әскери әлеует пен оқ-дәрі алу үшін жүгінетінін көріп отырмыз. Бұл олардың қару-жарақ қорын толықтыруға қатысты мәселесін көрсетеді», - деді Пентагонның ресми өкілі.

Пэт Райдер Америка Құрама Штаттары мен халықаралық қауымдастық тұрғысынан Украинаның маңызды артықшылығы елге көмектесу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатқан әлемнің 50-ден астам елінің қолдауы екенін атап өтті.

«Бұл тек АҚШ емес, бұл халықаралық күш-жігер және Украинаның қауіпсіздік саласына көмектесетін көптеген елдер, соның ішінде НАТО да бар», - деді ол.

Райдер барлық одақтастардың ынтымақтастығын жоғары бағалап отыр. Олар «біз өзіміздің қару-жарақтарымызды алып, сондай-ақ Украинаға қолдау көрсету үшін ресурстарымыз бен мүмкіндіктерімізді қалай біріктіре алатынымызды түсіну үшін бірге жұмыс істеп жатыр»,- деді ол.

Сонымен қатар Пэт Райдер НАТО-ның ынтымақтастығы мен бірігуінің жақсарғанын атап өтті.

«Менің ойымша, Ресейдің Украинаға басып кіруінің маңызды салдарының бірі НАТО-ның бірігуі мен оның мүмкіндіктерін одан әрі нығайтуға ынталандыру болды. НАТО одан әрі күшейе түседі, өйткені біз Еуропа мен НАТО-дағы одақтастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қайтадан бірге жұмыс істейміз", - деп атап өтті Райдер.