Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:36, 01 Желтоқсан 2023

Петропавлда қала орталығында 72 жастағы әйелдің мәйіті табылды

 Zhasalash.kz
Фото: из открытых источников

Петропавлда қала орталығында әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады Zhasalash.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап

Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері 1 желтоқсанда сағат 12:50 шамасында Петропавл ІІБ-нің "102" жедел арнасына Сәтбаев көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолағында әйелдің жатқаны туралы хабарлама түскенін айтты.

Оқиға орнына екінші полиция бөлімінің жедел қызметкерлері мен жедел медициналық бригада келді.

Полиция қызметкерлері 72 жастағы әйелдің кім екенін анықтады. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүріп жатыр.