Қоғам

Петропавлда заңсыз шұжық өндірген цех анықталды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Петропавлда ет өнімдерін заңсыз өндірген цехты анықтады. Кәсіп иесі үйрек етін өңдеп, одан дайын өнім жасап, қала базарларында сатқан.

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру кезінде Жамбыл көшесіндегі заңсыз өндіріс орнын тапқан.

Цехты ұйымдастырған 41 жастағы қала тұрғынының айтуынша, ол үйрек етін сатып алып, өңдегеннен кейін дайын өнімді базарларда саудалаған.

Заңсыз кәсіп жүргізген азамат кәсіпкерлік қызметті тиісті тәртіппен жүзеге асырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, ветеринариялық инспекция мамандары оны ветеринариялық талаптарды бұзғаны үшін жауапқа тартқан.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз