Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:57, 06 Ақпан 2024

Премьер-министр: Біздің басты міндетіміз – отандық бизнесті қолдау

Олжас Бектенов

Жаңа премьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс отырысында өз кандидатурасын қолдағандарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Ол елдің экономикалық дамуы бағытында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындайтынын айтты.

"Отандық өндірісті ынталандыру үшін шаралар қабылданатын болады. Қазақстанда өндірілетін өнімнің үлесін ұлғайту қажет. Біздің басты міндетіміз – отандық бизнесті қолдау. Ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалану маңызды. Сондай-ақ су ресурстары, энергия үнемдеу, көлік-логистикалық желі бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз.

AI және жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету шаралары және халықты толғандыратын басқа да мәселелер әрқашан үкіметтің назарында болады. Үкімет еліміздің игілігі үшін жұмыс істейтін болады", - деді Бектенов.