Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:28, 31 Мамыр 2024

Президент: Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым ала білуіміз керек

г
Фото: из открытых источников

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз, – деп жазды Президент.

Айта кетейік, саяси қуғын-сүргін жылдары Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, 25 мың адам өлім жазасына кесілгені айтылады. Қуғын-сүргін жылдары Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен 5 миллионнан астам адам Қазақстанға жер аударылған.

Фото: Ақорда

 

Тегтер: