Саясат

Президент Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Қазақстан президентіҚасым-Жомарт ТОҚАЕВ қоғам қайраткері,саясаттанушы Айдос САРЫММЕН кездесті.

Президент Тоқаев Айдос Сарымды қабылдады

Бұл туралы akorda.kzхабарлады.

«Байтақболашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен кездесубарысында еліміздегі экологиялық ахуал, халықтың экологиялық түсінігі менмәдениетін арттыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды. А.Әміртаев шағынжәне орта бизнесті қолдауға және экологиялық жобаларды іске асыру үшін шетелинвестициясын тартуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

«Қазақстанбарысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев Президенткеішкі және сыртқы туризм саласындағы кейбір қордаланған проблемаларды шешужолдарын, қазақ күресін халықаралық аренада ұлттық бренд ретінде қалыптастыружайындағы көзқарасын жеткізді.

Қоғамқайраткері, саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесуде Қазақстандағы гуманитарлықғылымның даму перспективалары, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне оның әсері,«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен идеологиялық саясатысияқты мәселелер қозғалды.

Қасым-ЖомартТоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысынан кейін Кеңес мүшелерітарапынан айтылған ұсыныстар Президент Әкімшілігі мен Үкіметте өткен жиындардаталқыланып, пысықтау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті», — президенттің ресмисайтындағы хабарламада.

Қазақстан президенті бұған дейін де Ұлттық қоғамдық сенім кеңесініңмүшелері адвокат айман ОМАРОВА, саясаттанушы данияр ӘШІМБАЕВ, экономист Мұхтар ТАЙЖАН,қоғам белсендісі Ауыт МҰҚИБЕКТІ қабылдаған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз