Әлеумет

Прокурор Ермек Нарымбаевқа 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Прокурор азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыруды және 5 жыл бойы қоғамдық-саяси қызметпен айналысу құқығынан айыруды сұрады.

Ермек Нарымбай

Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Еске салсақ, биыл 5 ақпанда Астана қаласының тергеу соты Ермек Нарымбаевты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған болатын. Кейін бұлтартпау шарасының мерзімі 3 мамырға дейін ұзартылды.

Нарымбаевқа қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 430-бабы («Сот үкімін орындамау») бойынша қозғалған. Бұған дейін, 2023 жылдың қыркүйегінде шыққан сот үкіміне сәйкес, оған қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелермен айналысуға тыйым салынған еді.

Белсендінің адвокаты Василий Садықтың айтуынша, әрбір азамат қоғамдық-саяси мәселелер бойынша пікір білдіруге және Конституция жобасына қатысты өз көзқарасын еркін айтуға құқылы.

Соттың түпкілікті шешімі әлі шыққан жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз