Әлеумет

1 қазаннан бастап медицина қызметкерлері бетперде тағуға міндеттеледі

2026 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстандағы медициналық ұйымдардың қызметкерлері маска тағуға міндеттеледі. Талап Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 28 тамыздағы №11-ПГСВ қаулысында көзделген.

дәрігер

Маска режимі 2026–2027 жылдардағы эпидемиологиялық маусымға дайындық аясында енгізіліп отыр. Негізгі мақсат – тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар және COVID-19 таралуының алдын алу.

Бұл ретте ел бойынша жалпы маска режимі енгізілмейді. Яғни тұрғындарға қоғамдық орындарда, мектептерде, сауда нысандарында немесе қоғамдық көлікте маска тағу міндеттелмеген.

Жаңа талап медициналық ұйымдардағы медицина қызметкерлеріне қатысты. Ал пациенттер мен медициналық ұйымдарға келушілердің міндетті түрде маска тағуы санитариялық дәрігердің қаулысында жеке талап ретінде көрсетілмеген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз