Әлеумет

Қазақстанда несие бермейтін банктер пайда болады

Қазақстанда несие бермейтін және депозит қабылдамайтын жаңа форматтағы банктер пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленов мәлімдеді.

банк

Оның айтуынша, биыл қазан айынан бастап елде бірінші санаттағы төлем ұйымдарына лицензия беріле бастайды. Мұндай ұйымдар іс жүзінде төлем банктері ретінде жұмыс істеп, клиенттерге шот ашып, банк карталарын шығарып, ақша аударымдарын жүзеге асыра алады.

Алайда олардың несие беруге және депозит қабылдауға құқығы болмайды.

Бірінші санаттағы төлем ұйымдары заңды тұлғалармен жұмыс істеп, электронды ақша шығаруға, бірыңғай QR және ұлттық төлем жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ олар трансшекаралық төлемдерді жүзеге асыра алады.

Жаңа лицензияға қазірдің өзінде 13 компания қызығушылық танытып отыр. Олардың арасында ірі криптовалюта компаниялары мен телекоммуникация операторлары бар.

Атап айтқанда, лицензия алуға қызығушылық танытқандардың қатарында Binance криптоалмасу платформасы да бар.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз