Әлеумет

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

1

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды. Оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі аталған жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді.

«Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне Словакия Республикасында төрт қазақстандық азаматтың ұсталғаны белгілі. Оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр, туыстарымен байланыс орнатылды. Жағдай министрліктің бақылауында», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Словакияның TN Live телеарнасының мәліметінше, оқиға Тренчин қаласында болған. Бес жас жігіт егде жастағы әйелдің үйіне келіп, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар әйелдің немересін іздеген.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, күдіктілер ер адамды үйінен тауып, соққыға жыққан. Алдын ала болжам бойынша, шабуыл жасағандардың мақсаты ақша бопсалау болған.

Кейін олардың құқық қорғау органдарының қызметкерлері емес екені анықталған.

TN Live ақпаратына сәйкес, полиция 18 бен 21 жас аралығындағы төрт күдіктіні ұстаған. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары және жергілікті университеттің студенттері екені хабарланды.

Оқиғаға қатысы болуы мүмкін бесінші адам әзірге табылған жоқ.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Адам ұрлау
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз