Қоғам

Жанәбілевтер ісі: Прокурор блогерлерге жаңа жаза мерзімін сұрады

Прокурор Олжас Хайруллаев ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты жаңа жаза мерзімін сұрады.

Жанабыловтар

Мәліметтерге сәйкес, айыптау тарапы мен сотталушылар процессуалдық келісімге келген. Сол себепті жазаны жеңілдету ұсынылды.

Прокурордың айтуынша, Жанәбіловтер курс сатып тапқан 247 миллион теңге қаражатты толықтай қайтарған.

Осыған орай, айыптау тарапы Ерболат Жанәбіловке 2 жыл шартты жаза тағайындауды, ал Эльмира Төлегеноваға балаларының болуына байланысты 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын 2 жылға кейінге шегерумен белгілеуді сұрады.

Іс бойынша сот шешімі бүгін белгілі болады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз