Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:51, 01 Қазан 2024

Путин 2025 жылы жалпы ішкі өнімінің 6,31%-ын соғысқа бөлмек

в
Фото: ru.slovoidilo.ua

2025 жылы «Ұлттық қорғаныс» айдары бойынша Ресей әскеріне бөлінетін бюджет қаражаты 13,5 триллион рубльді құрайды деп күтілуде, деп жазады The Bell федералды бюджет туралы заң жобасына түсіндірме жазбаға сілтеме жасап. Осылайша, әскери шығындар Ресейдің жалпы ішкі өнімінің 6,31% құрайды.

2025 жылға арналған және 2026-2027 жылдарға арналған жоспарлы кезеңге арналған федералды бюджет жобасы 30 қыркүйекте Мемлекеттік Думаға ұсынылды.

Бір апта бұрын Bloomberg Ресейдің үш жылдық бюджетінің жобасын қарады. Онда әскери салаға бөлінген қаржы көлемі 13,2 триллион рубль деп көрсеткен. (ЖІӨ-нің 6,2%) Бұл қазіргі нұсқадан аз.

2024 жылдың бюджетінде әскери шығындарға 10,4 триллион рубль қарастырылған, бұл сол кездегі рекордтық көрсеткіш еді. Сонымен бірге, бір жыл бұрын 2025-2026 жылдары әскери салаға бөлінетін қаражат 8,5 және 7,4 триллион рубльге дейін қысқарады деп болжанған болатын. Алайда, алдағы жылы соғысқа бөлінетін ақша көлемі 13,5 триллионды құрап отыр. 

Жаңа үш жылдық бюджет жоспарында да әскери шығындар 2026-2027 жылдары қысқаратыны айтылған. Осылайша, 2026 жылы қорғаныс шығындары 12,8 триллион рубльді, ал 2027 жылы - 13,1 триллион рубльді құрайды деп болжанған.