Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:43, 16 Мамыр 2024

Путин Бейжіңде Си Цзиньпинмен кездесті

н
Фото: из открытых источников

Ресей президенті Владимир Путин Бейжіңде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, олар «Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамыту бағыттарын» талқылады. Путиннің айтуынша, қазірдің өзінде екі ел арасындағы төлемдердің 90% рубльмен және юаньмен жүзеге асырылады, ал төлемдерді ұлттық валютаға аудару «сауда ағынының кеңеюіне серпін берді». Сонымен қатар, Ресей Федерациясы мен Қытай түрлі бағыттар бойынша 80 инвестициялық жобадан тұратын портфельді қалыптастырды, деп қосты Путин.

Жиында Си Цзиньпин Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынасты «ынтымақтастық стандарты» деп атады.

Қытай «Ресеймен әрқашан жақсы көрші, сенімді дос және сенімді серіктес болуға ниетті», - деді ҚХР төрағасы.

Айта кетейік, Қытай - Путиннің бесінші мерзімге қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы шет мемлекеті. Құрамында Сергей Лавров, Сергей Шойгу, сондай-ақ жаңарған Ресей үкіметінің басқа да көптеген шенеуніктері мен кәсіпкерлері бар ресейлік делегация 16-17 мамырда Қытайда болады.

Фото: Сергей Савостьянов / ТАСС

Тегтер: