Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 13 Мамыр 2024

Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуды қызметінен алды

r
Фото: из открытых источников

Ресей президенті Владимир Путин жексенбі, 12 мамыр күні кешке қауіпсіздік блогында біршама кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Путиннің жарлығымен Сергей Шойгу Қорғаныс министрлігінің басшысы қызметінен алынып, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Шойгудың орнына ведомствоны бұрынғы бірінші вице-премьер Андрей Белоусов басқарады. 

2008 жылдың мамыр айынан бері осы қызметті атқарған Николай Патрушев РФ Президентінің жарлығымен «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» қызметінен босатылды. Кремль «алдағы бірнеше күн ішінде» Патрушев атқаратын жаңа лауазымды атауға уәде берді.

Сергей Шойгу Қауіпсіздік кеңесіне ауысқанға дейін Ресей Қорғаныс министрлігін 12 жыл басқарды - 2012 жылдың 6 қарашасынан 2024 жылдың 12 мамырына дейін.

Владимир Путин Ресей Федерациясы Министрлер кабинеті отставкаға кеткенге дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі етіп тағайындауды ұсынды. Оның кандидатурасын Федерация Кеңесі 13-14 мамырда қарайды.

Фото: росСМИ

Тегтер: