Саясат

Путин Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғандарға төленетін қаржы көлемін арттырды

Путин жыл соңына дейін Қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа отырғандарға 400 мың рубль көлемінде бір реттік төлем жасау туралы жарлыққа қол қойды.

к

Meduza агенттігінің мәліметінше, қаулыда тағы 400 мыңды облыстық билік төлеуі тиіс деп көрсетілген.

23 шілдеде Мәскеу билігі Қорғаныс министрлігімен жасалған келісім-шарт үшін 1,9 миллион рубль көлемінде бір реттік төлем төлеуге ниетті екені белгілі болды. Жақында ол Ресей Федерациясының басқа субъектілерінде де өсті - атап айтқанда, Краснодар өлкесінде және Татарстанда ол бір миллион рубльді, Дағыстанда - 500 мың рубльді құрайды.

Re:Russia жобасының есептеулері бойынша, бір жыл ішінде Украинамен соғысқа қатысушылар мен қаза тапқандардың туыстарына төленетін төлемдер 2,75-тен 3 триллион рубльге дейін болуы мүмкін. Бұл Ресейдің 2024 жылғы ЖІӨ-нің шамамен 1,5% және барлық федералды бюджет шығыстарының 8% құрайды.

Тегтер: Путин әскер
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз