Путин: Орталық Азияға Ресей білім жүйесін енгізу қажет
Ресейпрезиденті Владимир Путин Орталық Азия елдеріне Ресей білім жүйесін енгізуқажеттігін айтты.
Путинніңсөзінше, орыс мәдениеті мен дәстүрін білетін және сыйлайтын украин, беларусь,молдавандарға Ресейде бейімделу оңай. Ал Орталық Азия елдерінің өкілдеріне бұлөте қиын. Сол себепті аймаққа Ресей білім жүйесін енгізіп, орыс тілі курстарынкөптеп ашу қажет.
«Орыс өмір салтына оның мәдениеті мендәстүрін білетін және сыйлайтын украин, беларусь, молдавандарға бейімделу оңай.Бізде қазір 3 миллион украиндық өмір сүреді. Донбастағы қайғылы жағдайдан кейіндәл осынша адам көшіп келді. Ресейде Орталық Азия елдері халықтарына бейімделуөте ауыр. Сол себепті біз сол жаққа өз білім жүйемізді енгізуіміз қажет. Орыстілі курстарын, мектептерін, университет бөлімшелерін ашуымыз керек. Осы кездеадамдар өздерін жайлы сезінеді. Қазіргідей жайсыздық болмайды», — деді Ресейбасшысы.
Естеріңізгесалайық, Владимир Путин Қырым аннекциясынан кейін, 2015 жылы «Ресей аумағынантыс жерде тұратын барлық орыс ұлтын және орыс тілді азаматтарды қорғайтындығын»айтқан. Оның бұл мәлімдемесіне сарапшылар «Ресми Кремль өзінің империялықұстанымын ашық көрсетуде» деген баға берген.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 3,5 миллион этникалық орыс тұрады. Республика бойынша 1500 орыс мектебі бар.
Фото: ca-news.org