Путин Таулы Қарабақтағы қақтығысқа қатысты пікірін айтты
Таулы Қарабақта жаңа қақтығыс басталғалы екі жақтан бес мыңға жуық адам қайтыс болды.
Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин «Валдай» талқылау клубында айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.
«Екі жақтан да қайтыс болғандар көп. Біздің мәліметімізше, әр тараптан екі мыңнан аса адам көз жұмған. Жалпы қайтыс болғандар саны бес мыңға жетіп қалды», — деді Путин.
Айтуынша, Қарабақтағы жағдайды реттеу үшін екі тарап ымыраға келуі керек.