Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:12, 15 Мамыр 2024

Путин Украинамен диалогқа ашық екенін мәлімдеді

п
Фото: из открытых источников

Путин Ресейдің Украина мәселесі бойынша диалогқа ашық екенін, бірақ келіссөздер кезінде қақтығысқа қатысушы барлық елдердің мүдделерін ескеру керектігін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Қытайға сапары алдында Ресей Президенті «Синьхуа» агенттігіне сұхбат беріп, онда Ресей-Қытай қарым-қатынасы, БРИКС аясындағы ынтымақтастық, халықаралық саясат, Украина жанжалын шешу және Ресейдің дамуы туралы айтты, деп жазады Собчак.

Путин Украина жанжалын шешудің негізі Қытай ұсынған тезистерге негізделуі мүмкін екенін атап өтті. Алайда Украина мен Батыс бұл жоспарды қолдамайынын алға тартты.

— Батыс элиталары Киев билігін ақша мен қару-жарақпен қамтамасыз етіп, Ресейді «жазалауға», оқшаулауға және әлсіретуге табанды түрде әрекет етуде. Елімізге қарсы 16 мыңға жуық біржақты заңсыз санкциялар салынды. Олар елімізді бөлшектейміз деп қорқытуда. Олар біздің шетелдік активтерімізді заңсыз иемденуге тырысуда. 

Біз бұл жанжалдың (Украинадағы – ред.) бейбіт жолмен жан-жақты, тұрақты және әділ шешілгенін қалаймыз. Біз Украина бойынша диалогқа ашықпыз, бірақ бұл осыған қатысты барлық елдердің мүдделерін ескеретін келіссөздер болуы керек, - деді Путин.

Айта кетейік, өткен жылдың ақпан айында Қытай билігі Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша позициялық құжат жариялады. Онда атысты тоқтатуға шақыру және қауіпсіздік саласындағы барлық елдердің заңды мүдделерін құрметтеуді қамтитын 12 тармақ қамтылған.

Фото: kremlin.ru