Әлеумет

Путинге Константиновканың алынғанын баяндаған ресейлік генерал қаза тапты

Ресей армиясының генерал-майоры, 4-жеке гвардиялық мотоатқыштар бригадасының командирі Антон Грунис қаза тапты.

Антон Грунис

 Оның өлімін Ресей Қарулы күштері Бас әскери-саяси басқармасы бастығының орынбасары, «Ахмат» арнайы жасағының командирі Апти Алаудинов растады.

Алаудинов Грунистің қай жерде және қандай жағдайда қаза тапқанын нақтыламаған.

«4-жеке гвардиялық мотоатқыштар бригадасының командирі, гвардия генерал-майоры Антон Грунис өмірден өтті», – деп жазды ол.

Антон Грунис Украинадағы соғысқа қатысқан ресейлік жоғары шенді әскери қызметкерлердің бірі. Ол басқаратын 4-жеке гвардиялық мотоатқыштар бригадасы Донецк облысындағы Константиновка бағытындағы ұрыс қимылдарына қатысқан.

Путинге Константиновка туралы баяндаған

Грунис биыл шілде айының басында Ресей президенті Владимир Путинге Константиновканың Ресей әскерінің бақылауына өткені туралы баяндаған. Ресей тарапы 3 шілдеде қаланы толық бақылауға алғанын мәлімдеген.

Осы оқиғадан кейін Антон Груниске Ресейдің ең жоғары мемлекеттік атағы – «Ресей Батыры» атағы берілді. 27 тамызда Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов Груниске «Алтын Жұлдыз» медалін табыстаған. Ресей Қорғаныс министрлігі генералға бұл атақ «әскери борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін» берілгенін хабарлаған.

Осылайша, жоғары мемлекеттік награда алғанына үш аптаға жетпей оның қайтыс болғаны белгілі болды.

Антон Грунистің өлімінің нақты себебі әзірге жарияланған жоқ. Ресейдің ресми дереккөздері оның қаза болған жері мен уақытын да нақтылаған жоқ. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз