Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 05 Маусым 2024

Путиннің хатшысы Песковтың қызы Қазақстаннан ЖСН алған

к
Фото: из открытых источников

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Елизавета Пескова Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алған. Бұл туралы «Настоящее Время» хабарлайды.

Бұл ақпаратты «Система» зерттеу жобасы Қазақстанның Ұлттық сертификаттау орталығының онлайн реестрінен және басқа да деректер қорынан қорынан тапты.

Пескова 2022 жылдың қыркүйегіне дейін ЖСН алған болуы мүмкін, өйткені нөмір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілген. Бұл 2019 жылдың наурызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан астанасының атауы болды, содан кейін ол Астана болып қайта аталды, деп жазады басылым.

Ал, батыс елдері Пескованы әкесінің арқасында «сәнді өмір салтын ұстанады» деп айыптайды. Ол соғыстың алғашқы күндерінде санкциялар тізіміне енгізілген. Пескова өзіне қарсы қойылған шектеулерді «әділетсіз және негізсіз» деп атады.

Айта кетейік, Қазақстандағы ЖСН жеке салық төлеушінің нөмірі. Ол мемлекеттік және банктік қызметтерді алу үшін қажет. Ресей Украинаға жаппай басып кіргеннен кейін жергілікті банктерде шот ашу және Visa мен Mastercard қойған шектеулерді айналып өту үшін азаматтар жаппай ЖСН ала бастады.

Фото: Instagram Елизаветы Пескова

Тегтер: