Әлеумет

Қалетаевтың ауылында оқушылар хиджаб кимейді

Жас Алаш сайтының ШҚО тілшісі Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫНЫҢ 8-ші қыркүйек күні «Тарбағатайда озат оқушылар орамал тағады» мақаласы жарық көрген еді.

Қалетаевтың ауылында оқушылар хиджаб кимейді
Осы мақалаға орай Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімдігі facebook.com әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жауап беріпті.Мақала авторы Тұғыл ауылындағы Шоқан УӘЛИХАНОВ атындағы мектептегі жағдайды аудандық білім бөлімі басшысы Самал НАҒЫЗХАНҚЫЗЫНЫҢ сөзімен берген еді.-Осыдан біраз күн бұрын ғана Тұғыл ауылындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепке өзім барып келдім. Ол мектепте төрт отбасының мектеп жасындағы қыздары шаштарын жасырып, орамал тағып жүргені рас. Ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Төрт отбасындағы ата-аналар үш күн ішінде осыған қатысты түсініктеме беруге уәде берді. Ал енді, олардың киім үлгісі туралы айтсам, мектептің оқу стандартына сәйкес болмағанымен, хиджап киіп жүрген жоқ. Бірақ, басына таққандарын орамал емес, өздері «вондим» деп аталатын бас киім деп түсіндірді.Жалпы мектептегі орамал мәселесі республикамыздың барлық облыстарында бар. Ол туралы БАҚ-да жиі жазылып та жүр. Кейбір сарапшылар бұл даудың артында «теріс діни ағымдардың» ықпалы бар десе, енді бірі діни ілімнің аздығынан ата-аналардың асыра сілтеушіліктері дейді.Айтпақшы, Тарбағатайдағы Тұғыл ауылында бұрыңғы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің министрі Дархан ҚАЛЕТАЕВ дүниеге келген. Жуырда ғана Қоғамдық даму министрлігі болып ауысқан ведомства осы мәселемен тікелей айналысады. Сондықтан да біз де өз тарапымыздан Тұғылдағы жәйтқа алаңдағанымыз рас.  «Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылындағы Ш.Уалиханов орта мектебінде оқитын 6 оқушы қыз балалар 2018-2019 оқу жылының басында біріңғай мектеп формасы тәртібін бұзған болатын. Атап айтсақ аталмыш алты оқушы қыз бала мектеп формасын киіп, тек бастарына қысқа орамал тағып келген болатын (толықтай жабылған хиджаб кимеген). Аудан әкімдігінің басшылығымен аталмыш оқушылардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен бастап толық мектеп формасына бағынуда. Оқушылардың бірыңғай мектеп формасына толықтай бағынып отырғаны туралы ақпарат (хабарлама, хаттама, фото есеп) тиісті құзіретті органдарға берілді», — деп хабарлады Тарбағатай әкімшілігі.Жергілікті биліктің мәліметінше министр Қалетаевтың ауылында арнайы кесте құралған. Яғни әр аптаның сәрсенбі күні Тұғылға аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы мен ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Нұрлан АБЖАНОВ намаз оқитын азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді екен.Фото: muslim.kzМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.  
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз