Қалталы шенеунік пен депутат неге талтаңдайды?
Ресейдекелер күзден бастап мемлекет алдында борышы бар депутаттар мен министрлержалақыдан қағылып, тіпті олардың қайсыбірі депутаттық мандатынан да айырылуымүмкін.
Қазір Ресей елінде ірі компаниялардың акцияларына иелік ететіншенеуніктердің басым бөлігі қарызын өтемей, салықтан жалтару фактілері көбейген.Тіпті ВТБ банк, «Роснефть» және ірі автосалондардың акцияларына иелік ететінРесей депутаттарының қарызы 335,8 млн рубльге дейін жеткен. Осыдан барыпРесей мемлекеттік думасы борышкер депутаттардың жалақысын төлемей, мандатын алутуралы заң шығаруға мәжбүр болып отыр.
Мамандардың пайымдауынша, болашақтаҚазақстанға да осындай заң керек. Қазір халық қиындықтан қысылып, пандемиякезінде елдің әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Енді қарапайым халықтыңнесиені төлеуге дәрмені де болмай отыр. Осы ретте борышы бар халықтан гөрі қыруарқарызы болса да, жайлы өмір сүріп жүрген депутат пен министрлерді жауапқа тартукерек. Себебі қарапайым халықтың қоғамға зияны жоқ. Ал мемлекеттік салықтан жалтарып,банктерден ірі көлемде несие алып, тіпті қызметімен қоса, кәсіпкерлікті деатқарып, мемлекеттік сатып алуға қатысып, ондағы қаржыны да қоса иемденіп жүргеншенділер біздің елде баршылық. «Бізге болашақта осы мәселелер бойынша бақылаудыкүшейту керек. Мемлекеттік қызметте жүріп жеке кәсіпкерлікпен айналысатын,мемлекет алдында борышы бар шенеуніктерге талапты қатаңдату керек», – дейді экономист-ғалымБейсенбек Зиябеков.
Негізінде,біз мемлекет алдындағы қарызы бар шенеуніктердің шетелге шығуын да шектей алмайотырмыз. Бұл ретте халықтың қаржысын құлқынынан өткізіп, жеп алып шетелге қашыпкеткен талай мықтыны да білеміз. Осыарада тағы да теріскейдегі көршімізді мысал етуге болады, қазір Ресейдіңмемлекеттік қызметкерлерінің қарызынан қорыққан батыс банктері Ресеймен бірлесіп,мемлекеттік ірі жобаларды орындауға, экспорт, импорт қарым-қатынасын орнатуғажүрексініп отыр. Мысалы, өткенде Чехияның экспорттық банктері Ресеймен арақатынасынорнатқан кәсіпкерлеріне енді жеңілдікпен несие бермейтіндерін мәлім етті.Себебі Ресейде қазір бизнесті жүргізу тиімсіз. Оларға берген қарыз қайтпайды. Қарызыкөп елдің сыртқы саясатта да аса беделі бола қоймайтыны белгілі. Осыған орай, «қарызғабатқан шенеуніктеріңді тый» деген АҚШ-тың ескертпесінен соң, Ресей мемлекеттікдумасы қарыз болған депутаттарды мемлекеттік қызметтен аластауды жөн санапотыр. Бұлтек Ресейде ғана бар тәжірибе емес. Иордания, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінде де банктерденесиесі бар адам депутаттық мандат ала алмайды. Өйткеніол елдерде қарызы бар депутат немесе шенеунік «мемлекетаралық саясатқа керіәсерін тигізеді» деген қағидат мықтап қалыптасқан.
Біле білсек, өркениетті елдер ең алдымен шенеуніктердің заңды орындауынталап етеді. Тіпті біз жоғарыда мысал еткен өркениетті елдерде нақ Қазақстандағы сияқты саны ауқымды депутаттармен мемлекеттік қызметкерлер де жоқ. Бұл елдер «халық қалаулылары ел үшінқызмет ететіндіктен, ең бірінші кезекте олардың жауапкершілігі басым болуыкерек» деген қағидаға басымдық берген. Бұған қатысты саясаттанушы СерікбекСыдықов: «Болашақта қарызы бар адамды мемлекеттік қызметке жібермеу керек депесептеймін. Бұл жерде қарапайым мемлекеттік қызметкерлер туралы айтып отырғанжоқпын. Бізде 60-70 мың теңге алатын мемлекеттік қызметкерлер бар. Олардың жалақысымардымсыз. Мен жалақылары 900 мың теңгені құрайтын депутаттар мен министрлер жайлыайтып отырмын. Олардың басым бөлігінде бизнес бары даусыз. Өз атына жазбаса да,туысының атына жазып, талай нәрсені жасап отырғандарды білеміз. Осыжайттар ерекше бақылауда болуы тиіс», – дейді.
Ойлап қарасақ, бізде шетелден зәулім үй сатыпалатын, Дубайдан түстеніп, Прагвайдан кешкі ас іше салатын шенеуніктер баршылық.Рас, мемлекеттік қызметте жүргендер, әсіресе облыс, аудан деңгейінде әкімболып, депутаттық мандатты алып жүргендер ұлттың жағдайы, ел болашағы туралы азайтпайды. Қазір олардың арасында мінберде елдің, мемлекеттің мәселесін көтеріп,одан түскеннен кейін өзінің жеке бизнесімен айналысып кететіндері жиі байқалыпжүр. Өткен жылы еліміздің мемлекеттік кірістер комитеті сол елдің жайын айтыпжүрген депутаттардың төрттен бірінің салық төлеуден жалтарғанын жария етіп,борышы бар депутаттардың тізімін де ашып көрсетті. Олардың арасында «елім, ұлтым» деп езілгенде етегі жасқатолатын халық қалаулылары да бар. Осы жайттарды ескерсек, бізге болашақта мінберде әдемі сөйлейтінжалған күрескерлердің қатарын азайту керегін пайымдайсың.
Әрине, сол үшін үкімет алдымен «Мемлекеттік қызмет туралы» заңныңорындалуын қатаң бақылауға алуы керек. Мамин үкіметі алдағы уақытта борышқабатқан үкімет мүшелерін тезге салып алса, бір жағынан, саяси имиджіне сызаттүспей, екінші жағынан, бюджеттің бүйірін сәл-пәл болса да қампитып алар еді. Әйтпесебіздің елде әр нәрсенің қайтарымы барын ұқпай, «биені бүгімен, түйені түгімен» жұтып жүрген шенділер көп-ақ.
ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,
«ЖасАлаш»