Саясат

Қаңтар оқиғасы: 2 мыңға жуық қарудың қайда екені әлі белгісіз

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде басшылықтың нұсқауы бойынша Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттері өз ғимараттарын тастап кеткен.

Қаңтар оқиғасы: 2 мыңға жуық қарудың қайда екені әлі белгісіз

«Соның салдарынан Алматы мен Талдықорған 2 күн бойы қарулы содырлардың билігінде болды.  Олар қару-жарақтың үлкен арсеналы – 3 мыңға жуық автомат, пистолет, снайперлік винтовка және он мыңдай оқ-дәріні тонап кетті. Яғни, осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қарулары бүлікшілердің қолына түсті. Әлі күнге дейін 2 мыңға жуық қарудың қайда екені белгісіз», — деді Бас прокурор.

Арнайы прокурорлар билікті асыра пайдаланудың осы фактілері бойынша тергеуді аяқтады.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 аумақтық департаментінің экс-басшылары, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы және басқа адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды. Қазір сот талқылауы болып жатыр. Олардың кінәсінің дәрежесі мен жаза түрін сот анықтайды», — деп нақтылады Бас прокурор.

Сондай-ақ ол Жамбыл облысы Полиция департаментінің экс-бастығына қатысты қылмыстық қудалау қайтыс болуына байланысты тоқтатылғанын (өзін-өзі атып өлтірді) атап өтті.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз