Қаңтар оқиғасына байланысты 15 мыңдай адамнан полиция жауап алды
Қаңтар оқиғасына байланысты 15 мыңдай адамнан полиция жауап алды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінен (ІІМ).
«Полиция қаңтар оқиғасы бойынша 4 642 қылмыстық іс қозғады. Полиция тергеушілері 15 мыңдай адамнан жауап алды. 35 мыңнан астам тергеу амалдары мен 2,5 мыңдай сараптама жасалды», — деп хабарлады ҚР ІІМ.
Бұл ретте министрлік атап өткендей, қаңтар оқиғасында 1 731 адам зардап шегіп, Т343 млн астам сомаға келтірілген зардап өндірілген.