Әлеумет

Қарағанды: ауруханасы жоқ, автобус бармайтын ауыл

Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай ауылының тұрғындарыұзақ жылдар бойы жол азабын тартып келеді.

Қарағанды: ауруханасы жоқ, автобус бармайтын ауыл

Ауруханасы жоқ ауылдың ауыра қалсаорталыққа жеткізер автобусы да жоқ. Бұл туралы өңірдегі Жас АЛАШтілшісі хабарлайды.

Қала мен ауданға бұл ауыл шалғайболғандықтан ба бұл өңірге облыс әкімі қара көрсете қоймайды екен. Тіпті ауданәкімінің өзі келе бермейді. Әкім-қаралардың жолы түсе бермеген соң шалғайдаорналасқан Қызыларай халқы өз проблемасымен өзі күреседі, тіпті мәселені шеше алмаған соң, көндігуге тура келген.

Қызыларайға Қарағандыданқатынайтын автобус мүлдем жоқ. Тұрғындардың айтуынша, үш жылдан беріҚарағандының автобусы Қызыларай ауылына көршілес орналасқан Қаратал (бүгінгіресми атауы Шабанбай) ауылына қатынайды. Алайда бұл бақыт Шабанбайға 23шақырым қашықтықта орналасқан Қызыларай ауылына әлі бұйырмай келеді.

Облыс орталығы ҚарағандыданШабанбай ауылына кішкентай «пазик» автобус аптасына екі рет қатынайды.Шабанбайға түнгі 10-11-лер шамасында келетін автобус келесі күні таңғы 4-теҚарағандыға жол жүреді. Қоғамдық көлік бұйырмай қалған қызыларайлықтар Қарағандығабару үшін түнгі үштен бастап көрші ауылға баратын көлік іздеп әуре-сарсаңғатүседі. Қыстың қақаған кейбір күндері көліктері бұзылып немесе қалың қарданжүре алмай бейнет көретін кездері де аз емес. Ауыл тұрғындарының жиырмашақырымнан сәл ғана асатын екі ауыл ортасына автобус жүргізе алмаған биліккедеген өкпелері қара қазандай.

Қызыларай ауылының әкімі Шекер ТӨЛЕПБЕКОВАҒАауылдағы ағайын «бұл мәселе қашан шешіледі?» деп, бірнеше рет барғанмен,еш нәтиже шықпаған. Әсіресе Қарағандыда оқитын студенттер үшін қаладан ауылғақатынау қиын мәселеге айналған.

— Қарағандыдан Шабанбайға жүріп келген автобус әрі қарай жиырмашақырымға бара салса түк те жоқ, қайта ауыл халқына қолайлы болар еді. Қарағандыданкешкі сағат 5-тің автобусымен сырттағы жақын-жуықтарымыз шыға қалса көлік іздепнемесе көлік табылса оған құятын бензин іздеп әуре-сарсаңға түсеміз. Осышалғайда жатқан Қызыларайды маған кей кезде жоғарыдағы басшылық ұмытып кеткенсияқты болады. Ауылда аурухана деген баяғыдан жоқ, сосын сырққаттанып қалғандарболса Қарағандыға баруға тырысады, ал Қарағандыға жетудің өзі осындай бейнет, — дейді Қызыларай ауылының тұрғыны Данияр САТЫБАЛДЫ.

Ауыл тұрғындарының айтуыншаАқтоғай ауданымен Қызыларай ауылы аралығындағы жолдың сапасы мүлдем нашар, ой-шұқырыкөп. «Осы жолдан талай рет көлігіміз шашылып қалды, соңғы рет қашан жөнделгеніесімізде жоқ», деп қынжылады ауыл халқы.

Ақтоғай ауданы әкімдігінен автобуспен жол сапасына қатысты мәлімет сұрап көрдік. Аудан әкімінің баспасөз хатшысыАйнұр ЖАҚЫПБАЙҚЫЗЫНЫҢ айтуынша, Қарағанды-Ақтоғай-Қаратал бағыты бойынша автобусшығарып отырған «Манас» ЖШС-не Ақтоғай ауданы әкімшілігі былтырғы жылы хатжіберген екен. Бұл хатқа жолаушы тасымалдаушы компания кешкі бесте шығатынавтобус Қараталға түнгі 22.30 да баратынын, әрі қарай Қызыларайға жүретін болсатағы бір сағат кететінін айтып, мардымсыз жауап беріпті. Алға тартқансылтаулары – мұндай жағдайда таңертең ерте шығатын көлік жүргізушісінедемалатын уақыт қалмайды. Ал ауыл тұрғындары 23 шақырым жерге автобус нашаржолмен жай жүргеннің өзінде 15-20 минут қана жүреді емес пе деп аң-таң.

Осылайша Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат ӘБЕУОВА жол азабын тартқан қызыларайлықтардың мәселесін шешуге қауқарсыз болып отыр. Ауданәкімдігінің мәліметінше, Ақтоғай-Қаратал жолын 2018 жылы 70 млн теңгеге«Раздор Строй 2050» ЖШС толықтай жаңартқан (жолдың бәрін қырып, қайтаасфальт салған). Енді Қаратал-Қызыларай бағытындағы 23 шақырым жолды жөндеугебюджеттен 30 млн теңге бөлінген. Биыл конкурста жеңіске жеткен фирма осы жолдыжөндеуге кіріспек. 

Қызыларайлықтар кішкентай ауылдыңүлкен проблемасына жоғарыда отырған «дөкей бастық» облыс әкімі ЕрланҚОШАНОВ назар аударып, көмектесер деп үміттенеді.

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз