Өңір

Қарағанды карантинге жабылады

Кесел жұқтырғандар көбейген Қарағанды карантинге жабылады.Қарағанды жұрты енді ғана үрейлене бастағандай, бұған дейін биліктегілер де «ауру жұқтырғандар шетелден ұшақпен келгендер, олар қала тұрғындарымен араласып үлгермеді » деп жұртты сабырға шақырған еді.

Қарағанды карантинге жабылады

Қарағанды қаласының өзінде кеселдің қаупін аса ойлай қоймаған тұрғындардың көбісі көшеде бетпердесіз бейқам жүр. Ал ауыл аймақ болса, бір бірін «шеке омыртқаға » шақырып алаңсыз тірлік кешуде.  Кеселді Қарағандыға әкелген төрт адам ол Минскіден қыдырып келген басқа өңірдің тұрғындары еді. Алғашқыда осы ұшақ  Қарағандыға қонғанда жұрт әлеуметтік желіде наразы болып дүрлігіп қалып еді. Қарағандылықтар " неге ұшақты Нұр — Сұлтан қаласына қондырмай,  Қарағандыға алып қалды, енді осыдан кесел тарайды " деп қынжылған болатын. Тұрғындардың үрейлі  болжамын ескерген билік болмады. Осыдан кейін де Польшадан келген ұшақты да Қарағандыға қондырды. Абырой болғанда,  бұл елден келгендерде кесел болмай шықты. 28 наурызда кешкі сегіз шамасында тағы үш адамнан короновирустың анықталғаны туралы ақпарат шықты. Облыстық денсаулық сақтау саласы ақпарат бере алмай, кешкі тоғызда он — лайн жиналыста басшылықтың ақпарат беретінін мәлімдеген. Алайда телеарна арқылы халық алдына шыққан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ержан Нұрлыбаев  үш адамнан короновирус тіркелгенін ғана айтып, жиынды он минутта аяқтай салды. Кесел жүқтырғандардың облыс тұрғындары екені ғана белгілі. Олардың қай жерден қандай жағдайда карантинге алынғаны туралы  Ержан Нұрлыбаев жақ ашпады. Бүгін Қарағанды қаласында облыстық бас санитар дәрігері Қанат Асқаровтың қаулысы әлеуметтік желіге тарап кетті. Бұл қаулыда Қарағанды қаласында және серіктес қалалар Абай, Саран, Шахтинск, Теміртау қалаларында 1 сәуірден бастап карантин режимі енгізілетіні жарияланған. Сонымен қатар «жасы алпыс бестен асқан жандарға сыртқа шығуға тыйым салынады» деп көрсетілген.Арайлым Еркебаева,

Қарағанды

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз