Қарағандыда анасы мен қызы коронавирус жұқтырған
Карантинде жатқан екі адам Франциядан қыдырып келген. Қарағанды қаласында тағы екі адамның короновирус сырқатын жұқтырғаны нақтыланды.
Короновирус жұқтырған екі әйелде Қарағанды облысының тумалары емес. Еске сала кетсек, осының алдында короновирус жұқтырған екі адамда осы ұшақпен Минскіден келген. Дегенмен сол кезде ауру жұқтырғандар білінгенде, денсаулық сақтау саласының мамандары осы екеуінің қасында ұшақта отырғандарды ғана карантинге алып қалғанбыз деп мәлімдеген. Ал қалған ұшақ жолаушылары кеселді анықтауға қатысты тест тапсырған соң үйлеріне босатылған. Әлеуметтік желіде Қарағандылықтар "ұшақты кеншілер қаласына қондырып, ауру ошағын шығарды" деп наразы болуда. Қарағандыда 4 адам қауіпті кеселді жұқтырған, ал 314 адам карантинде жатыр. Тағы 152 тұрғын үй карантиніне алынған.
Арайлым Еркебаева,
Қарағанды