Қарағандыда короновирус жұқтырған алғашқы науқас жазылды
Қарағанды облысында короновирусқа шалдыққандардың ішінде алғашқы науқас жазылды.
Ол Минск — Нұр — Сұлтан бағытындағы ұшақпен Қарағандыға келіп қонған жолаушы болатын. Оған вирусқа қарсы толық терапия жасалған. Екі мәрте тексеруден өткеннен кейін дәрігерлер оны короновирустан толық жазылды деп шешкен. Бүгінде жағдайы жақсарған тұрғын ауруханадан шығарылған, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен ол 14 күн бойы үй карантинінде отырады. Алайда бүгін Қарағанды қаласының бір тұрғынының короновирусқа шалдыққаны анықталды. Ол өкпесі қабынып сырқаттанып ауруханаға жатқызылған еді. Бүгін тексеру нәтижесі онда қауіпті вирустың бар екенін көрсеткен. Ол бұл кеселге шалдыққан адамдармен бұрын араласпаған болып шықты. Мұқанов көшесіндегі әйел адам тұрған үйдің подьезі 14 күнге карантинге жабылды. 11 сәуірдегі мәлімет бойынша Қарағанды облысында 62 адам короновирусқа шалдыққан, 686 адам дәрігерлердің тәуліктік бақылауына алынған, ал 1638 тұрғын үй карантиніне отыр.