Өңір

Қарағандыда короновирус жұқтырған үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Қарағанды өңірінде күн санап ауру жұқтырғандар көп анықталып, кесел белең алып бара жатыр.

Қарағандыда короновирус жұқтырған үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Бүгін Қарағанды қаласында 16 адамның короновирусты жұқтырғаны анықталды. Кеселден көз жұмған нотариустың отбасындағы жақын туғандары мен араласқан адамдары ішінде бірнешеуі сырқатты жұқтырып үлгерген. Теміртауда нотариус болып қызмет жасаған қарағандылықпен байланыста болған екі жүзге жуық адам анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынған. 6 сәуірдегі жағдай бойынша Қарағанды қаласында короновирус жұқтырғандардың саны 48 адам болды. Оның ішінде үш науқастың жағдайы ауыр, олар жан сақтау бөлімінде жатыр. Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен демалуда. Қарағанды облысында үй карантинінде 1346 адам отыр. Тәулік бойы бақылаудағы карантинге 862 адам алынған. Қарағанды билігі тұрғындарды үйден себепсіз шықпауға шақырады. 7 сәуірден бастап Қарағанды қаласында барлық қоғамдық көліктер тоқтайды. Сонымен қатар қаладан шығатын барлық жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік түрлерінің қызметі тоқтаған.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА, 

Қарағанды 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз