Өңір

Қарағандыда короновирус жұқтырған журналист оқшауланды

Қарағандықаласындағы аймақтық телеарнаның журналисті короновирус сырқатын жұқтырып алған.

Қарағандыда короновирус жұқтырған журналист оқшауланды

Журналист қараша халыққа өңірдегі жаңалықтарды жеткізу үшін әртүрлі жердетүсірілімде болған. Бұл ақпаратты Қарағанды облысының денсаулық сақтаубасқармасының баспасөз қызметі растап отыр. Бүгінде кесел жұқтырған журналистіңбірқатар әріптестері денсаулығын бақылау үшін карантинге жатқызылды. Олардың денсаулығынтәулік бойы дәрігерлер қадағалап отырады.

Алкороновирус жұқтырған журналист жұмыс істеген аймақтық телеарна жұмысын уақытшатоқтатты. Ол жерде дезинфекциялық жұмыстар жасалуда.

Қазіргіуақытта Қарағандыда 22 адам короновирус жұқтырған, соның ішінде дәрігерлер 21науқастың жағдайын қанағаттанарлық деңгейде деп отыр. Карантинге  689 адам алынса, үй карантинінде 1161 адамбар.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА,

Қарағанды

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз