Қарағандыда маска кимеген сатушыға дейін қамап жатыр
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшінжауапкершілік туралы ескертулерге қарамастан, азаматтар мен кәсіпкерліксубъектілері төтенше жағдай кезінде талаптар мен шектеулерді бұзу фактілері орын алуда.
Бүгінгі таңда облыста төтеншежағдай режимін бұзғаны үшін 163 әкімшілік материал қозғалған, оның ішінде 130іс бойынша 67 айыппұл түріндегі жаза қолданылған, 62 тұлға қамауға алынған, бірескерту жасалған.
Атап айтқанда, Қарағандыдағы«Волна» дүкенінің сатушысы жұмыс орнында маскасыз болғаны үшінобъектінің иесі 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар, Жезқазғандадезинфекциялық кілемнің болмауы фактісі бойынша «Sulpak» дүкеніфилиалының директоры 2 тәулікке қамауға алынды.
Барлық мүдделі органдардыңішінен құрылған мобильді топтар ТЖ режимін бұзу фактілерінің жолын кесу бойыншажұмысты жалғастыратын болады, талаптарды бұзған тұлғаларға қатаң шараларқолданылатын болады.
Кәсіпкерлерді және азаматтардыбарлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға және ТЖ режимін сақтауға тағыда шақырамыз.