Қарағандыда тағы жеті адамның короновирус жұқтырғаны анықталды
Қарағанды қаласында 7 сәуірде жеті адамның короновирус жұқтырғаны мәлім болды. Қарағанды облысында жалпы кеселді жұқтырғандардың саны 55 адамға жетті.
Еске сала кетсек, Теміртау қаласында нотариус болып еңбек еткен қарағандылық кеселден көз жұмған болатын. Бүгінде сырқатқа шалдыққандардың ішінде төртеуінің жағдайы ауыр, олар жан сақтау бөлімінде жатыр. Қалған науқастардың кейбірінің жағдайы орташа ауыр деңгейде болса, қалғандарының денсаулығын дәрігерлер қанағаттанарлық деңгейде деп отыр. Бүгінде кесел жұқтырғандардың барлығы оқшауланған. Қарағанды облысында тәулік бойы дәрігерлер бақылауына 908 адам алынған, ал үй карантинінде 1440 адам отыр. Бүгінде Қарағандыда және серіктес қалаларда карантин режимі күшейтілген. Тұрғындар жұмысқа тек қызметтік көлікпен ғана бара алады, өйткені қоғамдық көліктер толығымен тоқтаған. Такси қызметіне көлікте тек бір адамды ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
Арайлым ЕРКЕБАЕВА,
Қарағанды