Қарағандыға 8 млрд бөлінсе де қар тазаланып бітпей жатыр
Қарағанды халқын арқаның ақбораны әбден әбігерге салды. Әсіресе коммуналдық қызметтегілер қыстың қаһарлы мінезінетөтеп бере алмайтынын анық көрсетті.
«Сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей әбден қардан қажыған биліктегілеркөмекті халықтан сұрап, акция ұйымдастырды. Осылайша өткен сенбіде әрбір мекемеқызметкерлері, тұрғындар «біз біргеміз» деп ұрандап қар күреугешыққан еді. Алайда тоқтамай соққан боран жұрттың бұл еңбегін жоққа шығарды. Ал қаланыңішкі және сыртқы жолдарындағы қартазаланбай, көліктер сағаттап далада тұрып қалуда. Облыс орталығында 23-24қаңтарда жолдың қардан тазартылмауынан жол кептелістері болған. Осыдан кейін полициядепартаменті көше мен жолдың қарын тазалауға жауапты ұйымдардың 17 маманынажалпы соммасы 500 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Боранның салдарынан әрікүрелмеген қардың кесірінен далада қалып көмек сұрағандардың саны соңғы біреркүнде көбейіп кеткен. Аппараттық жиналыста облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕКжолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Әскербек ХАЛТОНОВТЫсынға алды.
«Майқұдықтан, Пришахтинскіден тіпті барлық жақтан тұрғындар хабарласыпнаразы болып жатыр. Жер үйлер мен көп қабатты тұрғын үйлерден шағым көп түсті. Әскербек Ибрагимович мен әзірге сіздердің тараптан белсенділіктікөріп отырған жоқпын. Әлде сіздер бұл аудан мен қала әкімінің ғанапроблемасы деп ойлайсыздар ма? Нәтиже аз,сондықтан ескертемін. Егер тағы нәтиже болмаса тиісінше қорытынды шығарамын», — деп мәлімдеді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.
Жолаушылар көлігі және автомобильжолдары басқармасының мәліметінше, біржылға жолдардың қарын күреуге облыс бойынша 8 миллиард 300 млн теңге бөлінген.Оның 2 миллиард теңгесі Республикалық маңызы бар жолдарға, 1 миллиард облыстықжолдарға, ал қала мен аудан жолдарының қарын тазалауға 5 млд теңге жұмсалуда.Қыста облыста 52 мекеме қар тазалаумен айналысады. 800 техниканың күшіжұмылдырылады. Алайда жұрт «қыруар қаражат жұмсалғанда неге оң нәтиже жоқ» дептаңқалады.
Фото автордікі.