Саясат

Қарапайым мұғалімнен – жанашыр депутатқа

Әділжан Қыстаубай – мамандандырылған «Жанұя» кешенінің ұстазы. Педагогикалық еңбек жолын осы мектеп қабырғасында еңбек пәні мұғалімі қызметінен бастаған.

Қарапайым мұғалімнен – жанашыр депутатқа

Аталмыш кешеннің тәрбиеленушісі Диас Сердалиевті мектепті тәмамдаған соң, өз қамқорлығына алған. Бүгінде Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткер.

– Праймеризге қатысудағы мақсатыңыз қандай?

— Бұл сайлауға өзімді ұсынудағы басты ұстанымым: сөзден іске бет бұру, бүгінгі істелінетін дүниені ертеңге қалдырмау. Өз басым ұлттық тәрбиеге ерекше мән беремін. Патриоттық сезімді,  адамгершілікті, имандылықты қағидам ретінде ұстанып келемін. Қарапайым мұғалім болсам да, қазақтың болашағына өз үлесімді қосқым келеді. Егер мемлекетіміз Мәңгілік ел боламын десе, алдымен жастардың болашағына мән беруі керек. Білім мен ғылымды  дамытуға тиіспіз. Және ең бастысы – ұлттық тілімізге деген құрметті арттыруға міндеттіміз. Қазіргі таңда елдегі дамуға кедергі болып жүрген сыбайлас жемқорлықтан түбегейлі арылуға жұмыс істеуіміз керек.

– Қандай мәселелердің ұршығын үйірмексіз?

— Мен Түрксіб ауданының атынан сынға түсіп отырмын. Ауданда бір бағытта ғана қатынайтын жолаушы көлігі бар. Өзге бағыттарға жолаушылар қатынай алмайды. Су құбыры тозған. Осындай қарапайым мәселелерді шешуден бастағым келеді. Ең маңыздысы – қазақ-орыс мектептеріне қарсымын. Мектептің тек қазақ тілінде білім бергенін жөн көремін. Ұлт «ұлт» болмай, мемлекет мерейлі де, мәртебелі де болмайды.

Тегтер: Без Тега
Айжан Бүркітбаева
Айжан Бүркітбаева Айжан Бүркітбаева

Оқыңыз