Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:47, 29 Мамыр 2024

Qarmet жұмысшыларын утильалымды қолдауға мәжбүрлеп жатыр

к
Фото: из открытых источников

Qarmet компаниясының жұмысшылары қайта өңдеу ақысын (утильалым) сақтау туралы петицияға мәжбүрлі түрде қол қойып жатыр. Бұл туралы Вечерняя Караганда арнасы жазды.

Бұл туралы бізге аты-жөнін атамауды өтінген бірнеше оқырман айтты. Компания қызметкерлері басшыларға есеп беру үшін петицияға қол қойылған скриншот жіберу керек, деп жазады арна.

Сондай-ақ, арна ғаламторда «Қазақмыс» корпорациясының «Семаз» және «КЛМЗ» зауытының ұжымдарының осындай видеолары пайда болғанын жазады.

Айта кетейік, қазір ресми петиция веб-сайтында «Өнеркәсіпті дамыту үшін» атты жаңа петиция пайда болған. Ол қайта өңдеу төлемін алып тастауға қарсы ұйымдастырылған.

Ал, жуырда Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қайта өңдеу ақысын алып тастау идеясын негізінен делдалдар алға тартатынын айтқан.

Фото: Qarmet

Тегтер: