«Қашықтан оқыту – төтенше жағдайдан шығудың жолы»
«Қолайлы мүмкіндік қиындықтар менмәселелердің арасында жасырынып жатады» Альберт Эйнштейннің осыойы дәл қазіргі сәттегі қолайлы жағдай қашықтықта оқытудың қиындықтың астарындақалып жатқанымен үндес тәрізді.
Дегенмен барлық ұстаздар қауымы осы тығырықтаншығуды басты мақсат еткені анық. Және жаңа форматта басталған тоқсанның барысықиындықтан шығудың жолы бар екендігін дәлелдеді. Мұғалімдер заман талабына сайөзгерістерге тез ілесе алатынын тағы бір дәлелдеді десем артық айтқандық емес.
В. Маяковский «Ұстазізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуікерек» дегенде бүгінгі күннің мұғалімдері туралы айтса керек. Себебі қашықтаноқыту туралы әңгіме басталғанда-ақ, бірде бір мұғалім қарап отырмай, бел шешіпкірісіп кетті. Қандай қиындықтан болмасын жол табатындарына сенімді болды. Жаңартылған білім беру бағдарламасыаясында білім беруді қашықтан оқытуға тиімді етіп енгізу — бүгінгі күннің басты талабы. Оқушыныңүйлесімді, қолайлы білім алуын ұйымдастыру оңай шаруа емес. Жаңартылған білімберу бағдарламасының ерекшелігі — спиральді қағидатпен берілуі. Яғниоқушы жеңіл тапсырмадан бастап орындағанда күрделі тапсырмалардың өзін ешқиындықсыз өз бетімен орындай алуына мүмкіндік жасалуы қажет. Оқушы өзмүмкіндігін сезінген сайын оның оқуға деген қызығушылығы арта түсетінін дебілеміз. Қашықтан білім беру оқубағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қашықтан оқытуда негізгі жұмыс оқушылардың өзбетімен білім алуына бағытталады. Осыған орай С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білімберетін мектептің мұғалімдері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары, Kundelik.kz, BilimLandбілім платформалары, электрондық пошта бойынша хат алмасужұмыстарын қолдана отырып, оқушыларменбелсенді, тиімді, қолайлы байланыс орнатуды көздеді. Және бұл жұмыстар өзініңжемісін беруде десек артық айтқандық емес. Оқушылар мен ата-аналар да қашықтан оқыту үдерісіне үрке қарағанжоқ. Керісінше, оқушының өз бетімен іздену жұмысына мүмкіндіктуындап, тіпті сабақта жауап бермейтін оқушылар да шамалары келгеншетапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға дағдыланды.
Қашықтаноқыту барысында біздің мектептің мұғалімдері оқушылардың әр жұмысын,жеке мүмкіндіктері мен сұраныстарын ескере отырып, Алматы қаласы Білім басқармасыныңҚББЖТҒӘО қолдауымен қалалық әдістемеліккабинетінің ұсынған тірек-конспектісі негізінде тапсырмалар беріп, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда шығармашылық танытып отыр. Күнделікті әр оқушыдан керібайланыс алып, әр жұмысты тексеріп, қайта кері байланыс беру арқылы оқушылардыңсабақты түсіну, қабылдау мүмкіндігін байқап, қалыптастырушы бағалауды деркезінде беріп отыру да бізге жүктелген міндеттің бірі.
Қашықтан оқыту - оқытудың электронды технологиясын қолданып,қолайлы уақытта кез келген жерде, жеке режимде білім алуды қамтамасыз етеді.Оқушылар пәндерге байланысты материалдармен танысып, өздік жұмыстарғабайланысты нұсқаулықтар алып, тесттер тапсырып, web сілтемелерді қолданаотырып, мұғаліммен қиын сұрақтарды талқылауға толық мүмкіндіктері бар. Адамзат дамуыныңерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдықмүмкіндіктерін арттыратын техника менақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады. Бұл қазіргі төтеншежағдайда айтылатын ой болмаса да, жалпы бүгінгі күннің талабы болса керек. Сондықтанқиында қолға алған іс ұстаздар қауымына абырой берсін. Білім министрі А.Қ.Аймағанбетов өз сөзінде білім жүйесінің өзгеретінін айтты, ендеше осы бастама елдегіжағдайдың өз арнасына түсуіне ықпал етіп, білім саласында оң өзгерістер болып,мұғалім мәртебесінің артуына жол ашсын деген ниеттемін.
№74 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиетіпәнінің мұғалімі
Сандуғаш Зәкариянова
«Қ