Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды, — деп хабарлайды «Жас Алаш». Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды

«Бұзақы топтардың әрекеттері жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Бұл қаржыландырылған бүлікшілердің жан-жақты ойластырылған жоспары екенін дәлелдейді. Бұл — қаскөйлердің қитұрқы әрекеті. Сондықтан Мемлекет басшысы және бүгіннен бастап Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде барынша қатаң әрекет етемін. Бұл — өмірін қорғап қалуға өтініш білдірген көптеген азаматымыздың қауіпсіздігіне қатысты мәселе», — деді Тоқаев үндеуінде. 

Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесін Нұрсұлтан Назарбаев басқарған. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз