Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Жас Алаш Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

«Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз