Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындысын айту барысында Мемлекет басшысы қашан ант беретінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Кандидаттар бойынша дауыстардың соңғы нәтижесі айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайызбен сайлауда жеңіске жетті.

«ОСК халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Президенті ретінде тіркеді. Заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады. Президент антты 26 қарашада береді», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

ОСК деректеріне сәйкес, президент сайлауына тізімге енгізілген 8 300 046 қазақстандық қатысты. Осылайша, келушілер саны 69,44% құрады.

Президент сайлауының түпкілікті нәтижесі:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%;
  • Қарақат Әбден – 2,6%;
  • Нұрлан Әуесбаев – 2,22%;
  • Жигули Дайрабаев – 3,42%;
  • Мейрам Қажыкен – 2,53%;
  • Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%;
  • Бәріне қарсымын – 5,80%.
Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз