Әлеумет

Қайрат Нұртастың Шымкентте өткен концертіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Концер

Шымкентте Қайрат Нұртас концерті кезінде жарақат алған 18 жастағы қыз ауруханаға жатқызылды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін таңертең оның жағдайы біршама жақсарғанымен, әлі де ауыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын бақылап отыр.

Концерт Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен. Оқиғадан кейін медициналық көмекке барлығы сегіз көрермен жүгінген. Олардың жетеуі дәрігерлердің тексеруінен соң үйіне жіберілген.

Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеді. Концертті ұйымдастырушылар полицияға жеткізілген.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз