спорт

Қазақ дзюдошысы финалда

Дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ балуан Ерлан СЕРІКЖАНОВ финалға шықты.

Қазақ дзюдошысы финалда
Қазақстандық дзюдошылар 2015 жылдан бері әлемдік доданың финалына шыққан емес.Өткен Қазақстан біріншілігінде ШҚО-ның тумасы Ерлан СЕРІКЖАНОВ жеңімпаз атанған еді. 14 финалда Баку татамиінде мұңғыл спортшысы Кхерлен ГАНБОЛДАНЫ жеңіп жартылай финалға шықты. Ақтық сыңға шығу үшін жерлесіміз әлемдік рейтингте 1-ші орында тұрған Израиль балуаны Тало ФЛИКЕРДІ қосымша уақытта таза ұтты. Осылайша рейтингте бар-жоғы 36-шы орында тұрған Ерлан Серікжанов енді алтынға таласады.Бұған дейін 66-келі салмақта Азамат МҰҚАНОВ дзюдодан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медалін ұтқан.Фото: fdk.kz
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз