Өңір

Қазақ пен қала проза байқауына шығарма қабылдау уақыты ұзартылды

Қапы қалмаңыз,қадірменді қаламгер! Қазақ прозасындағы қала тақырыбын тереңдей игеру мақсатында осымен екіншіжыл өтіп жатқан «ҚАЗАҚ ПЕН ҚАЛА» проза байқауына шығарма қабылдау жалғасуда.

Қазақ пен қала проза байқауына шығарма қабылдау уақыты ұзартылды

Қатысам деушілер төмендегі шарттарға сәйкес келетін шығармаларын жолдауы тиіс. Қатысушылардың өтінішібойынша шығарма қабылдау 25 қарашаға дейін ұзартылды.

Байқаудың шарттары:

— Байқауға қатысушылар әдебиет пен мәдениеттің орталығы – Алматының бүгінгітыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген прозалықшығармаларын жолдай алады;

— байқау, жалпы, қала прозасына арналғандықтан, қала атының нақты аталуышарт емес;

— прозалық шығарманың көлеміне Times New Roman қарпі, 14 кегль өлшемібойынша (1 жоларалық өлшем) 25 беттен аспауы керек:

— байқауға лақап атпен ұсынылған шығарма қабылдандайды;

— байқауға жолданған шығарма авторы суреті мен қысқаша өмірбаянынтаныстырылым үшін жазып жіберуі шарт;

— байқауға ұсынылған шығарма бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс;

— байқауға қатысушылардың жасы 45 жастан аспауы керек.

Шығармаларды қабылдау 25 қарашаға дейін жалғасады.

Байқау жеңімпаздарын елге белгілі әдебиетшілер мен ақын-жазушыларданқұрылған қазылар алқасы анықтайды.

Байқауға ұсынылған шығармаларды бағалау кезінде олардың:

көркемдік деңгейінің жоғары болуы;

қала прозасы жанрына қойылатын талаптарға сай болуы;

қала адамының психологиясы мен қала көріністерінің сенімді суреттелуі;

әріптік және стильдік қателіктердің болмауы талап етіледі.

Талапқа сай емес немесе көркемдік деңгейі төменшығармалар іріктеуден өтпейді.

Байқауға ұсынылатын шығармалардың тақырыптық ауқымы:

байқау қатысушыларына тақырыптық шектеу қойылмайды; қала, урбанизация,урбанистік мәдениет тақырыбына арналған кез келген шығарма қабылданады.

Соның ішінде:

қазақ пен қала;

тарих толқынындағы қала;

бүгінгі қала тіршілігі;

қаладағы жастар өмірі;

қазақтың қалаға бейімделуі;

урбанизация;

қала мәдениеті;

қазақ ұғымындағы қала мен шынайы өмірдегі қала («қала – қазаққа жау»; «қала– қазаққа жанашыр» т.б.);

қалада туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;

ауылда туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;

қылмысты қала (детектив), т.б.

Байқауға қатысу үшін:

шығармалар компьютерде теріліп, Times New Roman қарпі, 14 кегль өлшемібойынша (1 жоларалық өлшем) жазылып, электронды нұсқада тиісті мекенжайғажолданады;

қатысушы аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі,өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпаратты электронды нұсқада қосажолдауы тиіс.

Қосымша ақпарат:

байқауды әділ түрде өткізу мақсатында барлық талаптарға сай жазылғаншығармаларды оқырмандар «Жас Алаш» газетінен оқи алады. Жоғарыда көрсетілгенөлшемге сәйкес, алты беттен аспайтын шығармалар газет бетіне, алты беттенасатын шығармалар газет сайтына жарияланып отырады. Бұл өз кезегінде қазыларалқасының әділ шешім шығаруына және байқаудың ашық түрде өткізілуіне ықпалетеді.

Байқау жеңімпаздары анықталған соң, байқауға қатыстырылған (газеттежарияланған) барлық шығармалар жинақталып, прозалық жинақ шығады.

Үміткерлер шығармаларын «Қазақ пен қала»байқауына қатысу үшін!» деген ескертпемен zhasalash2017@gmail.com электронды поштасына жолдайды.

Байқау қорытындысы марапаттау рәсімінде ғана жарияланады. Марапаттау Алматықаласында өтеді (өзгерістер болса арнайы хабарланады). Байқау жеңімпаздарыанықталған соң, авторлар жеке хабарландырылады.

Мекенжай:

050044, Алматы қаласы

Достық даңғылы 97/Б үй, 7/3 кеңсе

Республикалық «Жас Алаш» газеті

Телефондар:

Қабылдау бөлімі – 8(727) 346-89-54

Электронды пошта: zhasalash2017@gmail.com

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз