Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:05, 14 Қыркүйек 2024

Qazaq titan 1-раундта жеңіске жетті (видео)

Алмат Жұманов
Фото: Алмат Жұманов

Қазақстандық спортшы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы Алмат Жұманов 13 қыркүйек АҚШ-тың Голливуд қаласында алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Алмат қарсыласы америкалық Rayne Well-ді 1 раундта 3 мәрте нокдаунға түсіріп, нәтижесінде 1 минут 41 секундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Еске салайық, бұл Алмат Жұмановтың жалаң қолмен жұдырықтасу спортындағы алғашқы жекпе-жегі. Алмат Америкалық BKFC промоушенімен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ.