Qazaq Titan кәсіпқой бокста жеңіске жетті
Қазақстандық спортшы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы Алмат Жұманов (лақап аты Qazaq Titan) 10 желтоқсанда Колумбияның Санта-Марта қаласында кәсіпқой бокстан кезекті кездесуін өткізді.
Қарсыласы колумбиялық Хуан Мартинезді 2-раунда техникалық нокаутпен жеңді.
Бірінші кездесудің сәтті аяқталуына байланысты, келесі жекпе-жек 17 желтоқсанға бекітілді. Отандасымыз бұл күні UBC title Championship Boxing ұйымдастыруымен өтетін бокс кешінде 77 кг салмақ дәрежесінде колумбиялық Монтерросамен чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.
Еске салайық, Алмат Жұманов - КИнЭС рекордтар кітабының үш дүркін рекордшысы және жалаң қолмен жұдырықтасу спортында АҚШ-тың BKFC лигасымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ. Аталған лигада қыркүйек айында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіскен жетті.