Саясат

Қазақ жерінде қара қытай қаптай бастады

«Бәрі қытай, қаладан келіп жатыр. Індет әкеп жатыр ма? Құдай біледі. Онсыз да қытайлар толып жүр еді, тағы толтырып жатыр.

Қазақ жерінде қара қытай қаптай бастады

Қара қытай  қаптап жатыр». Атырау облысындағы Қарабатан   вахтасында  түсірілген осындай видео желіде   тарады.

Онда жас жігіттерден тұратын қаптаған қалың топтың келіп жатқан сәті түсірілген. Қазақ жұмыс таппай жүргенде бұл неғылған қытайлар? Атырау кеніштерінде қанша қытай жұмыс істеп жатыр қазір? Қытай азаматтары сау ете қалған бұл видео «CNCEC» вахталық қалашығында түсірілген екен.

22 қарашада Қытайдың 124 жұмысшысы Нұр-Сұлтаннан Атырауға чартерлік рейспен жетіп, вахтаға орналасып жатқан. Әкімдіктің түсіндіруінше, олар Қарабатандағы интеграцияланған газ-химиялық кешеннің 1-ші кезеңі жобасына тартылған жұмысшылар болып шықты.

Қаптаған қытайды көрген қазақстандық жұмысшылар үшін бұл бір сұмдық оқиға сияқты болғаны жасырын емес. Өз жеріне сыймай жатқан қалың қара қытайға жүретін, тағы өсетін, тынысын кеңейту үшін жер керек. Бас салып қазақ жеріне жаппай кіре алмайды, бірақ жұмысшы болып емін-еркін кіріп жатыр әзірге. Соны видеоға түсірген қазақстандық қызметкерлердің жағымсыз пікірлері ұнамай қалса керек, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров арнайы түсініктеме беруге мәжбүр болды. Оның сөзінше, аталған факті бойынша CNCEC филиалы және KPI ЖШС (жобаның тапсырыс берушісі) қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері бейнежазбаны түсірген адамдармен сөйлесті. Олар бейнежазбаны түсіргенде арам ойымыз болған жоқ деген, деп құтылды Әубәкіров.

Облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының есебі дайын бұған: бұл қытайлар Қазақстанға іскерлік (жұмыс) виза бойынша келген және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу бойынша санатқа жатпайды екен.

Интеграцияланған газ-химия кешенінің I кезеңі дегеніміз – Қытай Даму Банкінің ақшасына салынып жатқан Қарабатандағы полипропилен өндіретін зауыт, ал CNCEC компаниясы жобаның мердігері.

Сонымен қатар, бұл оқиға қазір Атырау облысында Қытайдың қанша азаматы жүр, жалпы, шетелдің қанша азаматы бар, деген сауал туғызып, оған миграциялық полицияның өзі арнайы жауап беруге дейін барды.

Сонымен, ресми дерек бойынша, қазір Атырау облысында 23 мың 122 шетел азаматы жүр. Бұл қайта азайғаны екен, былтыр олардың саны үш есеге көп болған екен – өткен жылы 74 152 шетелдік болыпты. Шетелдіктер санының азаюы коронавирус пандемиясына байланысты Атырауға кіру мен шығуға енгізілген карантиндік шектеумен байланысты дейді.

Жыл басынан бері Атырау облысына Ресесйдің 1957 азаматы, Ұлыбританияның 731, АҚШ-тың 730 және Үндістанның 548 аматы келген екен. Сонымен қатар, Өзбекстанның 415, Қытайдың 348, Әзербайжанның 305, Италияның 198, Тәжікстанның 174, Австралияның 153, Қырғызстанның 145 азаматы келген, дейді ресми стастистика. Әрі олардың дені жұмыс бойынша келген экспаттар, жұмыс деп келгені 19 818 адам екен, ал жеке және қонақ визасымен жай келгендері небәрі 777 адам.

Жыл басынан бері шетелдің 197 азаматы ғана Атырауда тұрақты тұруға бес жылдық мерзімге рұқсат алған екен.

Тегтер: Без Тега
Әділ Кемеңгер
Әділ Кемеңгер Әділ Кемеңгер

Оқыңыз